27.03.2024, 22:23
Оқылды: 43

Сырымда су тасқынының алдын алу жұмыстары қарқынды жүруде

Кешелі бері толассыз жауын-шашын салдарынан еріген қар суынан бөлек, жаңбыр жауғанына байланысты су деңгейі көтерілуде. Түске дейін Сырым ауданы әкімі Жұмагелді Батырниязов аудандағы ахуалға байланысты сұхбат берді.

Су Сырым 2024

- Ауданымызда қазіргі таңда 15 ауыр техника, 15 жеңіл көліктер, 24 мотопомпа жұмылдырылды. Одан бөлек, 80-нен астам мекеме қызметкерлері, ерікті азаматтар жұмыстануда. Бүгінгі күнге дейін аудандық төтенше жағдайлар бөліміне 200 тонна құмның 2600-дей қапшығы дайын тұрды.

Су Сырым 2024

Аудан орталығынан бөлек Қособа ауылына 20 тонна, Жырақұдық ауылына 20 тонна инертті материал түсірілген болатын. Су кету қаупінің алдын алу жұмыстары тоқтаусыз жалғасуда, - деді аудан басшысы Жұмагелді Жолдыбайұлы.

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале