16.05.2024, 0:08
Оқылды: 38

Бірлігі жарасқан Караменовтер отбасы көпке үлгі

Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, бала тәрбиесінде және оның дара тұлға болып қалыптасуында ата – ананың рөлі мен отбасы құндылығының маңызы зор.

2

Отбасының аман-саулығы - әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі. Ішкі істер органдарында қызмет ететін ерлі-зайыптылар аз емес, сондай отбасылардың бірі – Караменовтер отбасы.

Нұрбол мен Гаухар  – осыдан он алты жыл бұрын 2008 жылы шаңырақ көтерген жандар.

Гаухар бала кезінен қайсар мінезді боп өседі. Бәлкім бұл ата-анасынан берілген мінез болса керек. Отбасында тәрбиеленген екі қыздың үлкені. Орта мектептің 11 сыныбында оқып жүрген кезінде Гаухар военкоматқа өз бетінше келіп, әскери училищеде оқуға бел байлайды. Бірақ ол кезде қыздарды қабылдау аяқталған соң, ол заң факультетіне оқуға түсуге мәжбүр болады. Жоғары оқу орнының екінші курсында жүрген кезде жол полициясына жұмысқа қабылдау туралы хабарландыруды көреді. Содан құжат жинап бастап кеткен ол ҚР Ішкі істер министрі орынбасарының қатысуымен талдау емтиханына жіберіледі. 2004 жылы ішкі істер министрінің орынбасарының алдында жол полициясы қызметіне емтихан тапсырады. Елордаға кетер алдында Гаухар сол кездегі БҚО ІІД Жол полициясы басқармасының бастығы Сұлтанбаев Қайсар Әлібекұлының егер жүк көлігімен емтихан тапсырудан құлап қалса, басқа емтиханарға жібермейтінін айтқаны жөнінде еске алып, күліп жіберді. Сөйтіп, КАМАЗ көлігімен жолда жүру ережесі бойынша емтихан тасырып шығады.

Кейін БҚО ПД Жол полициясы басқармасының автоинспекторы лауазымына орналасып, Орал қаласындағы жол қозғалысын реттеу жұмысымен айналысқан кіші полиция сержанты Гаухар бүгінгі күні полиция подполковнигі, БҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы лауазымына дейін көтерілді.

Дәл сол кезде полиция лейтенанты шеніндегі Нұрбол Жедел басқару орталығының инспекторы еді.

2008 жылы департамент басшылығының бұйрығымен кезекті біліктілікті арттыру курстарын оқу үшін екеуі Қарағанды қаласындағы  Б.Бисенов атындағы академияға жолданады. Содан жас офицер Гаухардың көңілін бірден баурап алып, бір жылдай кездесіп, 2008 жылы жаңа өмірге бірге қадам басады.

Қазіргі таңда Нұрбол мен Гаухар он алды жылды артқа тастап, осы жылдар ішінде бірнеше лауазымдарды атқарды. Мінезі салмақты, қай істі, қызметті асқан мұқияттылықпен, сауатты атқара білген Караменов Нұрбол Сағатұлы БҚО ПД Штаб басқармасы бастығының орынбасары лауазымынан 2023 жылы құрметті еңбек демалысына шықты.

Әскери қызметкерлер отбасы өмірдің барлық қызығы мен қуанышын бірге көріп келеді. Әрине, әйел-шаңырақтың ұйытқысы. Бұл ретте отанасы Гаухардың жауапкершілігі жоғары, ауыртпалығы мол, ол әскери тірлік пен үйдің шаруасын бірге реттей біледі. Әрдайым қолдарынан келгенін аямайтын бұл отбасыны әріптестері жайдары, кәсіби қызметтеріне ұқыпты отбасы ретінде  құрметтейді.

Бақытты отбасында Сабрина есімді ханшайым өсіп келеді. Бүгінде 9 сынып оқитын Сабрина ата-анасының жолымен жүріп, болашағын әскери ұшқыш қызметімен байланыстырғысы келетінін жасырмады.

Отбасы күні мерекесінде біз өз әріптестерімізге отбасылық амандық, өзара түсіністік, шексіз қуанышты күндер тілейміз. Өйткені отбасы  кез-келген адам үшін әрқашан қымбат!

Асылай Талғатқызы,

БҚО ПД баспасөз қызметкері

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале