18.05.2024, 13:00
Оқылды: 20

Қаратөбеде Халықаралық музей күніне орай дөңгелек үстел өтті  

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай Қаратөбе ауданында Алаш және Қайыржан Хасановтың тарихи-өлкетану музейінде «Музей – уақыт пен ұрпақтар байланысы» деген атаумен дөңгелек үстел өтті.

Музей күні 1

Музей – рухани таным, өнер ордасы. Тарих қойнауындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді, тарихи оқиғаларды насихаттау, сол арқылы жас ұрпақты рухани, адамгершілік және патриоттық рухта тәрбиелеудегі музей қызметінің алатын орны ерекше.

Музей экскурсоводының көмекшісі Жайнагүл Жанғазиева мерекеге арналған іс-шараға келген қонақтарға музейдің қоғамдағы рөлі, оның қызметтері туралы әңгімелеп берді.

Аталмыш дөңгелек үстелге тыл ардагері, ауыл ақсақалы  Аманжан Әнесов, аудандық «Қаратөбе өңірі» газетінің редакторы Бекжан Қойшекенов, Шөптікөл  ОЖББМ тарих пәнінің мұғалімі Азамат Исаұлы және Шөптікөл орта мектебінің 9-10 сынып оқушылары қатысты.

Музей күні 5

Іс-шара барысында  сөз алған ауыл ардагері Аманжан Әнесов, газет редакторы Бекжан Қойшекенов, тарихшы Азамат Исаұлы музейдегі құжаттар мен жәдігерлерден сыр шертетін тарихи оқиғалар туралы әңгімелеп берсе, мектеп оқушылары қасиетті Қаратөбеден шыққан белгілі тұлғалар: заңгер Бақытжан Қаратаевтың, журналист Қайыржан Хасановтың өмір жолдары мен еңбектері туралы баяндап, айтыс-ақыны Шолпан Қыдырниязованың өлеңдерін оқыды.

Музей меңгерушісі Сәбит Қайыржанұлы мерекелік іс-шараға  қатысушыларға сый-сияпат табыстап, ризашылығын білдірді.

IMG_6273

Музейдегі мерекелік дөңгелек үстелге қатысушылар естелік суретке түсті.

Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале