Күні кеше облыс әкімі Нариман Төреғалиұлы облыс бойынша коммуналдық мекеме қызметкерлеріне 58 арнайы техниканың кілтін табыстаған болатын. Бұл туралы Казталов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының электр желілерін жаңғырту бойынша алға қойған міндеттерін орындау аясында ауданға екі электротехникалық лаборатория көлігі жеткізілді.
Ал коммуналдық қызмет саласын дамыту үшін және коммуналдық шаруашылықтар мен кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында ауданға эксковатор-погрузчик, фронтальный погрузчик техникалары беріліп, аудан тұрғындарына таныстырылды.
Аудан әкімі аудандық электр торабының және Казталов мемлекеттік шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорнының қызметкерлерінің жұмысына табыс тіледі.
Ал сала қызметкерлері ауданға қолдау көрсеткен облыс басшылығына ризашылықтарын білдірді.