12.07.2024, 20:00
Оқылды: 87

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы

Алдағы күндері Қазақстандағы ауа райын оңтүстік циклон қалыптастырады, онымен бірге қысқа мерзімді жауын-шашын сақталады. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Орал

Республиканың солтүстік-шығыс және шығыс аймақтарында ғана көбіне жауын-шашынсыз күн райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет РМК.

Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта және солтүстік-батыста, ал 13 шілде күні республиканың батысында кей кездері қатты жаңбыр жауады.

Қазақстан бойынша найзағай, бұршақ, дауыл және желдің күшеюі болжанып отыр.

Еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы күндіз +20+35°С дейін төмендейді, қалған аумақта күрт өзгерістер болжанбаған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале