16.01.2025, 17:45
Оқылды: 201

БҚО прокуратурасының бастамасымен борышкерлер жауапқа тартылды

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіріп алу бойынша сот актілерін орындамағаны үшін 2 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы хабарлады. 

hdJK2TMV Сурет: inbusiness.kz

Қаратөбе аудандық сотының 12.12.2022 жылғы сот бұйрығымен Ж. азаматынан кәмелетке толмаған балаларды асырау үшін табыстың 1/3 бөлігінде алимент өндірілді.
Сот шешімі дереу орындауға жіберілді, алайда қарызды төлеу туралы хабарламалар борышкермен елеусіз қалдырылды.
11.12.2024 жылы Қаратөбе аудандық соты Ж. азаматын Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» Кодексінің 669-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 1 тәулікке әкімшілік қамауға алды.
Сол сияқты, 18.12.2024 жылы алимент өндіру туралы сот актісін орындамағаны үшін Г. азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оған да сот 1 тәулікке әкімшілік қамау жазасын қолданды.
Сотта борышкерлер өз кінәсін толық мойындады.
2024 жылы Қаратөбе ауданында сот орындаушыларының жұмысын үйлестіру шаралары арқылы барлығы 5 алимент төлеуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале