21.01.2025, 10:45
Оқылды: 130

Жапондық компаниялар қазақстандық жылқылардың импортына қызығушылық танытуда

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінде Жапонияның Қазақстандағы Елшілігі мен жапондық «Sojitz Foods Corporation» және «Senko Farm» компанияларының өкілдерімен кездесу өтті. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

4f4db0f3dd281248c2d36ae6d74224ab_1280x720

Сурет: gov.kz

Кездесудің негізгі тақырыбы Қазақстандық жылқыларды Жапонияға экспорттау мәселелерін, ветеринариялық-санитариялық бақылау мәселелерін қоса алғанда, тірі жылқыларды экспорттау үшін хаттаманы келісу рәсімдерін талқылау болды.

Қазақстандық тарап ынтымақтастыққа және экспортта жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін атап өтті. Тараптар жедел ақпарат алмасудың және халықаралық стандарттарды қатаң сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Ауыл шаруашылығы министрлігі отандық өндірушілерді қолдау және олардың өнімдерінің жаңа экспорттық нарықтарға шығуына жәрдемдесу бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале