1.06.2026, 20:40
Оқылды: 5

«Атамекен» жазғы лагерінде жаңа ауысым басталды

Жаз мезгілі – балалардың демалысын тиімді ұйымдастырып, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасайтын маңызды кезең. Осы орайда «Атамекен» жазғы лагерінде кезекті ауысымның ашылу салтанаты өтті.

WhatsApp Image 2026-06-01 at 20.26.49

«Атамекен» лагері – көп жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан, тәжірибесі қалыптасқан, балалардың қауіпсіз әрі мазмұнды демалысын қамтамасыз ететін демалыс орындарының бірі. Жаңа ауысымның ашылу рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады.

Биыл лагерь 6 ауысым бойынша жұмыс жүргізеді. Әр ауысымның ұзақтығы – 10 күн. Алғашқы ауысымға 200-ден астам бала қатысады. Жазғы маусым шілде айының соңына дейін жалғасады деп жоспарлануда.

WhatsApp Image 2026-06-01 at 20.26.13 WhatsApp Image 2026-06-01 at 20.26.07

Лагерьдің басты ерекшеліктерінің бірі – әлеуметтік қолдауға бағытталған мүмкіндіктердің қарастырылуы. Дарынды оқушылар үшін жолдама құнына 50 пайыздық жеңілдік ұсынылған. Сонымен қатар әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар лагерьде тегін демалу мүмкіндігіне ие.

Бағдарлама мазмұны балалардың қызығушылығы мен дамуын ескере отырып жасақталған. Атап айтқанда, шығармашылық шеберлік сабақтары, спорттық ойындар, табиғат аясындағы танымдық экскурсиялар, бассейнде демалыс, кешкі мәдени іс-шаралар мен ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылады.

WhatsApp Image 2026-06-01 at 20.26.53

Қорыта айтқанда, «Атамекен» жазғы лагері – балалардың жазғы демалысын қауіпсіз, қызықты әрі пайдалы өткізуге мүмкіндік беретін, жаңа достар мен жарқын әсерлер сыйлайтын маңызды орта.

Бекзат Қанаділ ,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале