29.09.2025, 17:47
Оқылды: 164

Қазақстан әйелдердің экономикалық белсенділігі бойынша әлемдік үздік 30 елдің қатарына кірді — TURKWOMEN FORUM

Қазақстан әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға ең қолайлы жағдай жасалған елдер қатарынан орын алды. Бұл туралы Ақтауда өтіп жатқан TURKWOMEN халықаралық әйелдер форумында экономика ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, ҚР ҒЖБМ ҒК Экономика институтының әлеуметтік саясат және адами ресурстар бөлімінің меңгерушісі Сәуле Ауғанбайқызы Қалиева мәлімдеді.

WhatsApp Image 2025-09-29 at 18.17.07

Оның айтуынша, әйелдер кәсіпкерлігі ел экономикасының өсуіне, жаңа жұмыс орындарын ашуға және инновацияны дамытуға ықпал етіп отыр. Сонымен қатар халықаралық инвестицияларды тартуға және басқа мемлекеттермен серіктестікті нығайтуға мүмкіндік береді.

Ресми деректерге сәйкес, 2025 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда жұмыспен қамтылған әйелдердің саны 4,5 млн адамды құраған. Бұл жалпы жұмыспен қамтылғандардың 48,3%-ына тең. Ал әйелдердің жұмыс күшіне қатысу деңгейі 63,2%-ға жетіп, Қазақстанды әлемдік үздік 30 елдің қатарына шығарды. Сондай-ақ елде шағын және орта бизнес иелері, мемлекеттік қызметшілер мен IT саласының жетекшілері арасында әйелдердің үлесі артып келеді.

WhatsApp Image 2025-09-29 at 18.15.46

Айта кетейік, TURKWOMEN халықаралық форумы өтеді. Форум түркі әлемінің зерттеуші, кәсіпкер, мәдениет және медиа саласының өкілдері – әйел көшбасшыларын жинап, әйел рөлі туралы әңгімені декларациядан нақты іске көшіруді мақсат етеді. Бағдарлама барысында институционалдық өзгерістер, қала мен ауылдағы кәсіпкерлік модельдер, мәдени мұраны сақтау және заманауи медиа құралдарының ықпалы талқыланады.

Данияр Сағидолла

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале