23.01.2017, 17:50
Оқылды: 25

«Березов тұрғындарын көшіру ерекше бақылауда»

Akim KPO  Бүгін облыс əкімі Алтай Көлгінов КПО б.в. басшылығымен кездесті. Жиында өңірдің өндірістік дамуы, әлеуметтік инфрақұрылымдық жобалар және Бөрлі ауданы, Березов ауылы тұрғындарын көшіру мəселелері қаралды.


  Облыс басшысы Алтай Көлгінов: «Өткен жылды өңіріміз өндірістік даму көрсеткіші бойынша жақсы аяқтадық. Əлеуметтік инфрақұрылымдық жобалар бойынша да бірлескен табысты жұмыстар атқардық. Сол үшін сіздерге алғысымды білдіремін. Бізді биыл да қыруар жұмыстар күтіп тұр. Сондықтан жыл басында өздеріңізбен кездесіп, жоспар түзуді ойладық. Ал Березов ауылының тұрғындарын Ақсай қаласына көшіру мəселесі біздің ерекше бақылауымызда тұр, бастаған істі соңына дейін жеткізуіміз қажет. 100 жеке тұрғын үй мен 9 қабатты 2 үйді пайдалануға беру керек. Сондай-ақ, жаңа оқу жылына дейін жаңа мектептің құрылысын және балабақша мен спорт кешенін тұрғындар игілігіне тапсыру қажет» деді.

  Облыс әкімі әлеуметтік инфрақұрылымдық жұмыстарды жоспарлауды ертерек аяқтап, ерте көктемде жұмысқа кірісуді тапсырды. «Былтыр ерте көктемде бастағанбыз. Соның нәтижесінде жұмыстарды уақытымен аяқтадық. Яғни бізде қалыптасқан тәжірибе бар. Биыл да көктем шыға іске кірісу қажет» деді облыс әкімі.

  Өз кезегінде КПО басшылығынан Ренато Мароли облыс əкімдігінен үлкен қолдау барын сезінетінін алға тартып, аудан жəне қала əкімдіктеріне де рахметін жеткізді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале