Шыңғырлау ауданы әкімі Альберт Есалиевтің аудан жұртшылығы алдындағы жылдық есеп беру жиынына барған облыс әкімі Алтай Көлгінов жаңадан салынып, өткен жылы пайдалануға берілген "Болашақ" балабақшасының жұмысымен танысты.
Аудан орталығындағы 290 орындық балабақша бүгінде халық игілігі үшін толыққанды қызмет істеуде. Балабақша 76 адамды тұрақты жұмыспен қамтыса, соның басым бөлігі - жас мамандар.
-Өздеріңізге мәлім, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бүлдіршіндерді балабақшамен қамтуды басты назарда ұстауда. Аудан орталығындағы бүлдіршіндерге арнап осы балабақшаны салдық. Соның нәтижесінде аудан бүлдіршіндері балабақшамен толық қамтылды. Балабақша бүлдіршіндерге сапалы білім, саналы тәрбие береді деп сенеміз,-деген өңір басшысы жас мамандарға да жемісті еңбек тіледі.
Сонымен қатар облыс әкімі аудандық Мәдениет үйінде шыңғырлаулық тауар өндірушілердің өнімдерінің көрмесімен танысты.