20.03.2026, 13:00
Оқылды: 9

Оралдық хирург ұшақта жүкті әйелге көмек көрсетті

18 наурыз күні Астана қаласынан Оралға ұшқан ұшақта жүкті әйелдің жағдайы нашарлап, қан кетіп, шұғыл көмек қажет болған. Абырой болғанда бортта дәрігер болып шықты.

жп самолет
Орал қалалық көпбейінді ауруханасының қабылдау бөлімінің хирург дәрігері Таубай Байжекенов сол күні ұшақта болған.
Дәрігер ойланбастан жүкті әйелге көмек қолын созған.
- Борт серіктер жүкті әйелдің суы кетіп қалды, мерзімінен бұрын босанғалы жатыр деп мәлімдеді. 30-32 жасар әйел адам жүктіліктің тек 27-і аптасында екен. Негізі бұл кезде әйел адамды ұшақта босандыру өте қауіпті. Ол ұшақта босанған жағдайда жағдай күрделі болар еді. Себебі 27 апталық баланы босанған жағдайда балаға да, анаға да реанимациялық көмек керек. Ал ол ұшақта мүмкін емес. Біз әйел адамға алғашқы көмекті көрсетіп, капитанға жағдайды түсіндіріп айтып, ұшақты Астанаға кері қайтардық. Кейін әйел адамды әуежайда жедел жәрдемге тапсырдық, - дейді дәрігер өз сөзінде.
Хирург дәрігерден бөлек ұшақта тағы бір дәрігер қыз болған. Екеуі әйел адамға алғашқы көмекті сәтті көрсеткен. Соның арқасында әйел адам аман-есен босанған. Қазір әйелдің де, баланың да жағдайы жақсы, дейді дәрігер.
Ұшақта болған жүкті әйелдің бұл үшінші баласы екен.
Хирург дәрігер бұрын сонды ұшақта босану процесіне қатысып көрмеген, оның тәжірибесінде кездеспегенін айтады.
- Бірақ қандай жағдай болмасын, дәрігер ретінде қол ұшін созу, алғашқы медициналық көмек көрсету менің міндетім,- дейді Таубай Байжекенов.

 

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz   

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале