23.04.2026, 10:15
Оқылды: 21

Оралда жас сақшыларға мәдени-танымдық іс-шара ұйымдастырылды

Орал қаласындағы 155 жылдық тарихы бар Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада Ұлттық кітап күніне орай мазмұнды мәдени-танымдық іс-шара ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

WhatsApp-Image-2026-04-22-at-17.43.23-2

Сурет: polisia.kz

Аталған шараға Орал қаласы полиция басқармасының және Абай полиция бөлімінің жас қызметкерлері мен жас сақшылар белсенді қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – құқық қорғау органдары қызметкерлерінің рухани дамуын қолдау, кітап оқу мәдениетін арттыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу болды. Кездесу барысында қатысушылар кітапхананың бөлімдері бойынша экскурсиядан өтіп, сирек қорлармен, тарихи басылымдармен және ұлттық әдеби мұралармен танысты. Бұл өз кезегінде полиция қызметкерлерінің кәсіби қызметімен қатар, олардың рухани-мәдени көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік берді.

WhatsApp-Image-2026-04-22-at-17.43.47

Шара аясында жас сақшылар қазақ ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқып, патриоттық рухты айшықтай түсті. Поэзиялық бөлім көрермендерге ерекше әсер қалдырып, әдебиет арқылы елге қызмет ету идеясының маңызын көрсетті. Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар құқық қорғау саласы өкілдерінің жан-жақты дамуына, қоғаммен байланысын нығайтуға және жастар арасында кітап оқуды насихаттауға ықпал ететінін атап өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале