12.05.2026, 21:00
Оқылды: 3

Ханордалық шәкірттер FIDE EDU Classroom жеңімпазы атанды

ФИДЕ  әлемнің түкпір-түкпіріндегі шахмат бағдарламасы бар мектептерді шахмат сабақтарынан фотосуреттерге байқау жариялады.   FIDE EDU Classroom 2026 байқауына 30 түрлі елден 120 өтінім келіп түсті.

photo-output

Байқау нәтижесінде  үздік бестік анықталды. Жүлдегерлер көшін Қазақстаннан қатысқан ханордалық жеткіншіктеріміз бастайды. Таратып айтсақ:
🥇 1-орын — Жәңгір хан мектебі, 1 «Б» сыныбы, Хан Ордасы ауылы, Қазақстан 🇰🇿
🥈 2-орын — №2 мемлекеттік мектеп, Аддис-Абеба, Эфиопия 🇪🇹
🥉 3-орын — Тәжірибелік бастауыш мектеп, Сонлин Роуд филиалы, Цзычуань ауданы, Цзыбо қаласы, Шаньдун провинциясы, Қытай 🇨🇳
🏅 4-орын — Эль Кием Эль Хадария, Сиди Бел Аббес, Алжир 🇩🇿
🏅 5-орын — Дева Матерь Внешности мектебі, Нова Прата, Бразилия 🇧🇷
Байқау туралы жеңімпаздардың жаттықтырушысы Альфия Аксеновамен тілдескен едік.
- Биылғы оқу жылынан бастап, шахмат оқу бағдарламасына енгізілді.  Республикалық шахмат федерациясы ұйымдастырған арнайы курстан өттік. Әр ай сайын сыныпта шахматтан блиц турнир өткіземін. Үздіктерді медальдармен марапаттаймын, - дейді Альфия Ренатқызы.
Альфия Аксенованы заман ағымына ілескен жаңашыл ұстаз деп танимыз. Ізденімпаз ұстаздың жетістіктерін үнемі жариялап та жүрміз. Естеріңізде болса, күні кеше тағы бір оқушысының Елордадан олжалы оралғанын жазып едік.

Анар Артықбай

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале