10.05.2026, 17:23
Оқылды: 2

Бірік ауылдық округінде есеп беру кездесуі өтті

Казталов ауданына қарасты Бірік ауылдық округінде округ әкімі Жігер Жакиевтің тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуі өтті. Жиынға аудан әкімі Асланбек Сарқұлов, аудандық мәслихат депутаты Сәкен Ищанов, «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары, ветеринария саласының өкілдері және ауыл тұрғындары қатысты.

0N6A1409

Кездесу барысында округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы, ауыл шаруашылығы саласындағы ахуал, инфрақұрылыә хдық жобалар, ветеринариялық қауіпсіздік пен табиғатты қорғау мәселелері жан-жақты талқыланды.

Округ әкімі Жігер Жакиев өз баяндамасында Бірік ауылдық округінде атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарлармен бөлісті. Оның айтуынша, округ құрамына Қызылту және Саралжын елді мекендері кіріп,  чжалпы халық саны 1263 адамды құрайды. Биыл жұмыспен қамту бағытында бірқатар шаралар жүзеге асырылып, тұрақты және уақытша жұмыс орындары ашылған. Сонымен қатар «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында тұрғындардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау жалғасуда.

0N6A1388

Округ әкімі Жігер Жакиев Бірік ауылдық округінде атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарлармен бөлісті.

— Биыл жұмыспен қамту бағытында бірқатар шаралар жүзеге асырылып, тұрақты және уақытша жұмыс орындары ашылды. Есепті кезеңде ауылішілік жолдарды күтіп ұстау, қардан тазалау, су арналары мен бөгеттерді тереңдету бағытында жұмыстар жүргізілді, — деді округ әкімі.

Жиында ауыл шаруашылығы саласына ерекше назар аударылды. Мал басының өсімі, жайылым және мал азығы мәселелері сөз болып, ветеринариялық қауіпсіздікті сақтау бағытындағы жұмыстар талқыланды. Ветеринар мамандар тұрғындарға малды уақытылы вакцинациялау мен аурудың алдын алу шаралары жөнінде түсіндірді.

0N6A1396

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан киік санының көбеюі, жайылымға түсетін салмақ, мал ауруларының алдын алу, жол мәселесі, электр желілерін жаңарту секілді өзекті мәселелер көтерілді. Сонымен қатар аудандық мәслихат депутаты Сәкен Ищанов сайланған округі бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.

Аудан әкімі Асланбек Сарқұлов тұрғындар көтерген мәселелер назардан тыс қалмайтынын айтып, ауылдық округтерді дамыту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын жеткізді. Сондай-ақ округтегі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, жолдарды жөндеу, әлеуметтік нысандарды жаңғырту мәселелері аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында болатынын атап өтті.

Жиынды қорытындылаған Асланбек Ахметоллаұлы округ әкімі Жігер Темірбекұлына облыстық полиция департаменті бастығының алғыс хатын табыстады. Кезесуден соң аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Асылбек Нәсіпқалиұлы

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале