ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазақстандық ауыр атлет Нұржан Жұмабай Колумбияның Кали қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды.

Фото: olympic.kz
88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған отандасымыз қоссайыс қорытындысы бойынша 348 келіні (жұлқа көтеруде 155 келі және серпе көтеруде 193 келі) бағындырып, алтын медальді иеленді. Бұған қоса Нұржан Жұмабай серпе көтеру жаттығуында жасөспірімдер арасындағы әлем рекордын жаңартты.
Бұл салмақта күміс жүлде 344 келі нәтижесімен испаниялық Эрик Гуадамудқа бұйырса, үздік үштікті 335 келіні еңсерген мексикалық Хосе Мантилья түйіндеді.