Жаздың аптап ыстығы басталысымен қазақстандықтар сұйықтықты көбірек ішуге тырысады. Алайда мамандар суды аз уақыттың ішінде шамадан тыс көп ішу денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертеді. Мұндай жағдайда қандағы натрий мөлшері күрт төмендеп, гипонатриемия дамуы ықтимал. Бұл - ауыр жағдайда ми ісінуіне дейін әкелуі мүмкін қауіпті жағдай, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сурет: istockphoto.com
Суды шамадан тыс ішу ағзадағы тепе-теңдікті қалай бұзады?
Ағзадағы сұйықтық пен электролиттердің тепе-теңдігін сақтауға бүйрек жауап береді. Ол артық суды несеп арқылы сыртқа шығарады.
Мұндай жағдайларда қан сұйылып, натрий концентрациясы төмендейді. Бұл гипонатриемия деп аталады.
Айқын гипонатриемия кезінде су жасушаларға, соның ішінде ми жасушаларына өтеді, бұл олардың ісінуіне түрткі болуы мүмкін.
Натрийден бөлек, суды шамадан тыс көп ішу калий мен магний көрсеткіштеріне де әсер етуі мүмкін. Алайда бұл өзгерістер әдетте бірден әрі қатты байқала қоймайды.
"Қатты терлеген кезде бұл минералдар термен бірге ағзадан шығады. Дегенмен адам дұрыс тамақтанса, олардың орны көбіне қайта толады", - дейді дәрігер.
Гипонатриемияны қалай тануға болады?
Ғалия Әлібекованың айтуынша, натрий деңгейінің төмендеуі жағдайдың ауырлығына байланысты әртүрлі белгілермен көрініс береді.
Жеңіл сатыдағы симптомдар
Жеңіл дәрежеде адам мынадай белгілерге тап болуы мүмкін:
Ауыр сатыдағы симптомдар
Егер натрий деңгейі шекті деңгейден төмендесе, оның зардабы ауыр болады. Адамда мынадай белгілер байқалуы мүмкін:
"Көп мөлшерде су ішкеннен кейін осындай симптомдар байқалса, шұғыл түрде жедел жәрдем шақыру қажет", - деп атап өтті маман.
Ыстықта күніне неше литр су ішу қауіпсіз?
Дәрігердің айтуынша, ішілген судың қауіпті мөлшерін көрсететін әмбебап көрсеткіш жоқ. Бәрі әр адамның салмағына, денсаулық жағдайына, ауа райына және физикалық белсенділігіне байланысты.
"Жалпы, егер адам бірнеше сағат ішінде үш-төрт литр су ішсе, әсіресе өте тез ішсе және бұл ретте электролит шығынын толтырмаса, қауіп едәуір артады", - дейді дәрігер.
Қалыпты жағдайда дені сау ересек адамның бүйрегі сағатына шамамен 700 миллилитрден бір литрге дейін суды шығара алады. Кейбір адамдарда бұл көрсеткіш сағатына 1,2 литрге дейін жетуі мүмкін.
"Бірақ бұл бәріне бірдей ортақ норма болып саналмайды", - деп нақтылады спикер.
Оның айтуынша, әдетте мұндай мәселеге спортшылар мен марафонға қатысушылар тап болады.
Судың көп мөлшері жүрекке қалай әсер етеді?
Сондай-ақ, судың артық мөлшері жүрек-қан тамырлары жүйесіне тікелей әсер етеді, өйткені ол айналымдағы қан көлемін арттырады.
"Дені сау ағза мұны ешқандай зардапсыз еңсереді. Бірақ жүрек жеткіліксіздігі, бүйрек немесе бауыр аурулары бар адамдарда сұйықтықтың шамадан тыс көп болуы ісінуді тудырып, жүрекке түсетін жүктемені арттыруы және жалпы жағдайды күрт нашарлатуы мүмкін".
Ғалия Әлібекова мынадай кеңес береді: