22.07.2026, 20:00
Оқылды: 12

Қазақстандық өнерпаздар «Славян базары» фестивалінде жүлдегер атанды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, қазақстандық әншілер Ақерке Амалят пен Жасмина Түзелова XXXV «Витебскідегі Славян базары» халықаралық өнер фестивалі аясында өткен ән байқауларында жүлдегер атанды.

photo_5406702860721920334_w

Фото: madenietaqparat

19 елдің орындаушылары қатысқан «Витебск-2026» халықаралық эстрадалық ән орындаушылар байқауында Ақерке Амалят екі күн қорытындысы бойынша 134 ұпай жинап, І орынды жеңіп алды. Ал 13 жастағы Жасмина Түзелова XXIII халықаралық балалар ән байқауында ІІ дәрежелі диплом иегері атанып, халықаралық қазылар алқасының мүшесі, латвиялық композитор Гайтис Лазданс тағайындаған авторлық ән жазуға арналған арнайы сертификатқа ие болды.

photo_5406702860721920335_w

Дәстүрлі түрде өтетін бұл беделді фестиваль әр елден келген жас өнерпаздардың басын қосатын маңызды алаңға айналған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале