Қазталов ауданында балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға арналған жаңа демалыс орны – «Bal Kids» ойын-кафесі ашылды.

Нысанның негізін қалаған жас кәсіпкерлер Бексұлтан Ғилым мен Айдана Қасым бұл жобаны толықтай өз қаражаттары есебінен жүзеге асырған.
Ойын-кафеде балалар арнайы жабдықталған ойын алаңында уақыт өткізіп, қауіпсіз әрі көңілді демалса, ата-аналар жайлы жағдайда тыныға алады. Бұл жаңа кәсіпкерлік нысан аудандағы қызмет көрсету саласының дамуына серпін беріп, отбасылық демалыс орындарының қатарын толықтырмақ.
Жайна Қабиболла,
Қазталов ауданы