23.07.2026, 21:30
Оқылды: 7

Жас кәсіпкерлер ауданда балалар демалыс орнын іске қосты

Қазталов ауданында балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға арналған жаңа демалыс орны – «Bal Kids» ойын-кафесі ашылды.

image-23-07-26-08-08

Нысанның негізін қалаған жас кәсіпкерлер Бексұлтан Ғилым мен Айдана Қасым бұл жобаны толықтай өз қаражаттары есебінен жүзеге асырған.

Ойын-кафеде балалар арнайы жабдықталған ойын алаңында уақыт өткізіп, қауіпсіз әрі көңілді демалса, ата-аналар жайлы жағдайда тыныға алады. Бұл жаңа кәсіпкерлік нысан аудандағы қызмет көрсету саласының дамуына серпін беріп, отбасылық демалыс орындарының қатарын толықтырмақ.

Жайна Қабиболла,

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале