ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қызметкерлері Мәскеудегі Ресей мемлекеттік кітапханасының базасында біліктілікті арттыру курсынан өтті.

Фото: madenietaqparat
«Классикалық парақтық реставрация: жетілдірілген курс» атты 80 академиялық сағаттық бағдарлама аясында мамандар қағаз негізіндегі тарихи әрі сирек құжаттарды сақтау мен қалпына келтірудің заманауи технологияларын меңгерді.
Курс қорытындысы бойынша қатысушылар аттестаттаудан өтіп, арнайы куәліктерге ие болды.
Бұл оқу екі елдің ұлттық кітапханалары арасындағы ынтымақтастық шеңберінде сирек қорларды сақтау ісін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды.