8.08.2026, 11:00
Оқылды: 5

Отандық реставраторлар сирек құжаттарды қалпына келтіру курсын тәмамдады

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қызметкерлері Мәскеудегі Ресей мемлекеттік кітапханасының базасында біліктілікті арттыру курсынан өтті.

IMG_20260808_093350_442

Фото: madenietaqparat

​«Классикалық парақтық реставрация: жетілдірілген курс» атты 80 академиялық сағаттық бағдарлама аясында мамандар қағаз негізіндегі тарихи әрі сирек құжаттарды сақтау мен қалпына келтірудің заманауи технологияларын меңгерді.

Курс қорытындысы бойынша қатысушылар аттестаттаудан өтіп, арнайы куәліктерге ие болды.

Бұл оқу екі елдің ұлттық кітапханалары арасындағы ынтымақтастық шеңберінде сирек қорларды сақтау ісін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале