28.08.2026, 14:45
Оқылды: 15

Сырым ауданы: Құспанкөлдегі жаңа мектеп ауылға жаңа серпін берді

Сырым ауданы, Шолақаңқаты ауылдық округі, Құспанкөл ауылында жаңа мектеп ашылғанын жаздық. Айнала жұрт оқушы таппай жатқанда Құспанкөл биыл жаңа білім үйіне қоныстанып, әрі бастауыш мектептен негізгі мектепке ауысып, жаңа дәурен кешіп жатыр.

b0fbe192-8dad-4a1e-9a28-77c6d4f64c28 (2)

Ауыл тұрғыны Гүлзада Меңдіғалиева да жаңа мектептің ашылуын ауыл үшін айтулы оқиға деп бағалайды.

 

996b6905-ff4f-4650-81ad-64c1555eb92d (1)

«Бұл – біздің ауыл үшін үлкен қуаныш. Балаларымыздың осындай жарық әрі заманауи мектепте білім алатынына қуаныштымыз. Жаңа мектеп ауылға ерекше серпін беріп, балалардың білімге деген қызығушылығын арттырады деп ойлаймын. Осындай игі іске қолдау көрсеткен барша азаматтарға ауыл тұрғындарының атынан алғысымызды білдіреміз. Ең бастысы, осы мектептен жақсы білім алып, елге қызмет ететін азаматтар көптеп шықсын», – дейді Гүлзада Меңдіғалиева.

 

Қоңдыкер Елеуов,

Сырым ауданы

4e390055-3f8a-49ec-afa0-39461d2ca759 (1)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале