29.08.2026, 14:30
Оқылды: 10

АҚШ-тың су тазарту технологиялары Қазақстанда енгізілуі мүмкін

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан мен АҚШ су тазарту және оны қайта пайдалану саласындағы ынтымақтастықты дамытуда.

жп вода (2)

Осы бағытта «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі» КЕАҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Дәуір Ибраев америкалық IBL Elements Inc. компаниясының шақыруымен Оклахома штатына жұмыс сапарымен барды.

​Сапар барысында отандық маман өнеркәсіптік және минералданған суды тазарту, қайта пайдалану, сондай-ақ олардан құнды компоненттерді бөліп алудың заманауи технологиялық процестерімен танысты. Басты назар америкалық технологияларды Қазақстанның гидрогеологиялық және өндірістік жағдайларына бейімдеу мүмкіндіктеріне аударылды.

​Дәуір Ибраев бұл сапардың еліміз үшін практикалық маңызы зор екенін атап өтсе, IBL Elements Inc. компаниясының директоры Лия Дженкинс америкалық технологияларды Қазақстанда қолдануға және ұзақмерзімді бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екендіктерін жеткізді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале