Жәнібек ауданында мемлекет және қоғам қайраткері Мұстақым Ықсановтың 100 жылдығына орай мемлекеттік қызметшілер арасында өтіп жатқан волейбол турнирі аяқталды.

Жәнібек ауданы әкімінің кубогы сарапқа салынған тартысты бәсекеде Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің командасы жеңімпаз атанды.
Алаң иелері — Жәнібек ауданы әкімдігінің құрамасы екінші орынды еншілесе, жүлделі үшінші орынды Тасқала ауданының волейболшылары місе тұтты.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік ойыншылар да анықталды: Фархат Шағипов «Үздік тосқауылшы», Асыланбек Бауенов «Үздік шабуылшы» (екеуі де БҚО әкімдігі), Нұрболат Садырбаев «Үздік байланыстырушы» (Жәнібек ауданы), ал Рүстем Әділханов (Тасқала ауданы) турнирдің «Үздік ойыншысы» номинацияларын иеленді.

Арай Сейфолла,
Жәнібек ауданы