31.08.2026, 21:00
Оқылды: 95

Қазақ даласында тағы бір Кертағы құлыны дүниеге келді

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан даласында Кертағының (Пржевальский жылқысы) екінші құлыны дүниеге келді.

IMG_20260831_184848_094_edit_148039617028787

Фото: EcologyofQazaqstan

«Алтын Дала» резерватының «Әліби» реинтродукциялау орталығында Умбра есімді бие құлындап, қазіргі уақытта мамандар енесі мен төлін жіті бақылауда ұстап отыр.

​Алғашқы құлын осыдан бірнеше күн бұрын, 22 тамызда туған еді.

Реинтродукциялау бағдарламасы аясында елімізге 2024 жылдан бері 22 бас Кертағы жеткізілген болатын. Жабайы жылқылардың тарихи мекенінде төлдеуі Қазақстанда өздігінен өсіп-өнетін тұрақты популяцияны қалыптастыру мақсатының сәтті жүзеге асып жатқанын көрсетеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале