ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан даласында Кертағының (Пржевальский жылқысы) екінші құлыны дүниеге келді.

Фото: EcologyofQazaqstan
«Алтын Дала» резерватының «Әліби» реинтродукциялау орталығында Умбра есімді бие құлындап, қазіргі уақытта мамандар енесі мен төлін жіті бақылауда ұстап отыр.
Алғашқы құлын осыдан бірнеше күн бұрын, 22 тамызда туған еді.
Реинтродукциялау бағдарламасы аясында елімізге 2024 жылдан бері 22 бас Кертағы жеткізілген болатын. Жабайы жылқылардың тарихи мекенінде төлдеуі Қазақстанда өздігінен өсіп-өнетін тұрақты популяцияны қалыптастыру мақсатының сәтті жүзеге асып жатқанын көрсетеді.