Бөкейордасы ауданының прокуроры Нартай Байменов пен аудандық сот төрайымы Гүлжихан Сағитова және «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілеген Арыстанбеков Хан Ордасы, Мұратсай, Бисен, Т.Масин, Саралжын, Ұялы ауылдық округтерін аралап, тұрғындармен кездесу өткізді.
Жиындарда «Алиментті төлемеуге қарсы 30 қадам», «Ұрлыққа тосқауыл», «Мал ұрлығы», «Киікті күзету», «Балаларды бірге қорғайық!» жобаларының негізгі қағидалары түсіндірілді, оның ішінде, мал ұрлығына қарсы іс-қимыл, мал иелерінің жауапкершілігін күшейту, өріс, жануарларды бірдейлендіру, діни жағдайлар талқыланып, экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселесіне назар аударылды.
Д.Әлиев
zhaikpress.kz