Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы басшысының бұйрығымен Бегайым Есенғалиева Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Жаңа басшыны ұжымға БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Мирболат Сағынғалиұлы таныстырды.

Жиында аудан әкімі Алпамыс Жаңабайұлы Бегайым Төлеуғалиқызының білім саласы мен қоғамдық істердегі белсенділігін атап өтіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және «Әділет» партиясының атынан алғысхат табыстады.

Бегайым Есенғалиева білім беру саласында 1988 жылдан бері еңбек етіп келеді, жалпы еңбек өтілі – 38 жыл. Ол 1984-1988 жылдары Орал педагогикалық училищесінде білім алып, 2004 жылы М. Өтемісов атындағы БҚМУ-ды «Бастапқы оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын 1988-1997 жылдары Пятимар орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастап, 1997-2007 жылдары Жаңақала ауданындағы №10 бастауыш мектебінде қызмет атқарды. Одан әрі 2007-2009 жылдары педагог-ұйымдастырушы, 2009-2021 жылдары Жаңақала ауданындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында басшылық лауазымдарда болды. Ал 2021-2026 жылдары Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің директоры қызметін атқарды.

Отбасылы, екі қызы бар.
Ақерке Мәлікқызы,
Жаңақала ауданы