10.09.2026, 16:00
Оқылды: 13

Сырым ауданында әлеуметтік саланың өзекті мәселелері талқыланды

Сырым ауданы әкімінің орынбасары Серік Тоқмамбетов сала басшылары және ауылдық округ әкімдерімен кездесіп, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау, жастар саясаты және білім беру, денсаулық сақтау салаларының мәселелері бойынша тыңдау өткізді. 

IMG_6821

Әлеуметтік сала -  халықтың тұрмысы мен рухани күйін безбендейтін баған. Бұл салада статистика емес, қоғам пікірі сөйлейді.  М. Есламғалиев атындағы орталық кітапхананың залында өткен жиналыста Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы Әкежан Жамбыл, Сырым аудандық орталық ауруханасының директорының орынбасары Мәншүк Нигметова, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Тимур Кубаев, “Мансап” орталығының аудандағы кеңсесінің басшысы Сәбит Өмірзақов, Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Райымбек Нариман, “Сырым жастары” жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Анваров хабарлама жасады. Осылардың ішінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Кенжегүл Исатаеваның баяндамасын талдап, тарқатуды жөн санадық.

Кенжегүл Есмұханқызының кабинетін есігін халық  түрлі мәселемен қағады. Әлеуметтік көмек жөнінде қабылдауға келетіндер де жоқ емес.

IMG_6826

2026 жылдың 1 шілдесіне атаулы әлеуметтік көмек 61 отбасына төленген. Көмектің жалпы мөлшері - 23 млн, 452 мың теңгені құрады. Жаңағы жанұялардағы 1-6 жас аралығындағы 98 балаға әлеуметтік кепілдендірілген топтама және берілген.

Сырым аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 12 отбасына 1007,5 мың теңге есебінде тұрғын үй көмегі, 389 отбасына 31 млн, 077,5 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек ұсынылған.

Серік Әнуарұлы атап өткендей, еңбекке қабілетті адам жұмыспен қамтылуы шарт.

Ауданда атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларда 14 адам ресми жұмыссыз ретінде тіркелген екен.  Олардың 6-ы тұрақты жұмысқа, 11-і ақылы қоғамдық жұмысқа жолданды. 2 жас маманға “Жастар тәжірибесі” бағдарламасы арқылы еңбек жолын сәтті бастау мүмкіндігі ұсынылды.

Сырым ауданында ерекше күтімді қажет ететін  581 адам тіркелген. Олардың құқықтары негізінде қолдау көрсетіп, тағдырмен күресте жолдас болу - әлеуметтік қызметкердің міндеті.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жанындағы үйде қызмет көрсету бөлімшесі арқылы  20 әлеуметтік қызметкер 71 адамға қызмет  ұсынуда.

Кенжегүл Исатаева мәлімдегендей, Сырым ауданында инватакси көлігі өз жұмысын жүргізуде, Қазіргі уақытта 30 адам, соның ішінде 20-сы ересек, 10 бала қызмет алып отыр.

Отбасын қолдау орталығының жұмысы - бөлек тақырыптың жүгі.

Серік Тоқмамбетов даму ерекшелігі бар балалар үшін иппотерапия сабақтары маңызды екенін, “Қайсар” спорт клубының ұлттық спорт базасы арқылы балаларға арнайы сағаттар ұйымдастыру туралы ұсыныс айтты.

 

Бауыржан Ширмединұлы, 

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале