24.09.2026, 10:45
Оқылды: 14

«Хазар Қорғаны – 2026» оқу-жаттығуында әскери теңізшілер әуе және суасты қатерлері қорғанысын пысықтады

Қазақстанның Каспий теңізі секторында Әскери-теңіз күштерінің «Хазар Қорғаны – 2026» оқу-жаттығуы өтті. Оған Әскери-теңіз күштерінің кемелері мен катерлері, гидрографиялық кемелері, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің кемелері және Әуе қорғанысы күштерінің авиациясы қатысты, - деп жазады Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі.

cad59e7ef6efb17567a917168d9d709fc91ba3ca9e61d85f5f45c4c0937a53a7_1280x720

Әскери маневрлер барысында әскери қызметшілер бірлескен маневр жасау, іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ базалық пунктте және қорғалмаған рейдте асимметриялық қатерлерге тойтарыс беру іс-қимылдарын пысықтады.

– Бұл оқу-жаттығу Әскери-теңіз күштерінің жоғары жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз етудің маңызды құрамдас бөлігі. Ол командирлердің практикалық даярлығын және жеке құрамның теңізде әрекет ету машығын жетілдіруге, сондай-ақ жауынгерлік іс-қимылдарды ұйымдастыру кезінде басқару органдарының өзара іс-қимылын арттыруға бағытталған. Әртүрлі жағдайда әскери теңізшілер экипаждардың өзара іс-қимылын және нысаналарды анықтау мен жоюдың заманауи құралдарын қолдануды пысықтады, – деді Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы 1-ші дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков.

d9c345a288e7f5e5697fc3b856ab04cdfda7e1d29247125a663f941fa88962af_1280x720

Оқу-жаттығуда ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану және оларға қарсы іс-қимыл жасауға ерекше назар аударылды. Әскери қызметшілер суасты диверсиясына қарсы қорғаныс, әуе шабуылы құралдарын анықтау және әуе шабуылына қарсы қорғанысты ұйымдастыру бойынша іс-қимылдарды пысықтады.

«Хазар Қорғаны – 2026» әскери-теңіз оқу-жаттығуы Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік даярлығын жетілдіру, бөлімшелердің өзара іс-қимылын күшейту және жеке құрамның елдің теңіз шептерін қорғау міндеттерін орындауға әзірлігін арттыру бағытындағы кезекті кезең болды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале