24.09.2026, 12:00
Оқылды: 19

«Болашаққа жол»: Шыңғырлау ауданында жастармен ашық сұхбат өтті

Шыңғырлау колледжінде «Болашаққа жол» тақырыбында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры Жасқанат Ерсайыновпен және аудандық полиция бөлімінің кәмелетке  толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Нұрдаулет Төлегеновпен колледж студенттері арасында ашық форматтағы сұхбат ұйымдастырылды.

image-24-09-26-10-15

Кездесуді Шыңғырлау колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Эльмира Бағиджанова жүргізді. Еркін пікір алмасу форматында өткен басқосуда жастардың білім алуы, кәсіби дамуы, болашаққа жоспар құруы және қоғам өміріне белсенді араласуы жайында сөз қозғалды.

Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Жасқанат Тілекқабылұлы сонымен қатар ел Президентінің бастамасы аясында жасалып жатқан жұмыстарды атап өтті. Оның айтуынша, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының маңызын ол тек тазалықты ғана ту етпейтінін жақсы дағдыға баулып жатқанын тілге тиек етті.

– Бұл бастама арқылы біз елді мекендерді жасыл-желекке айналдырып, белсенді жастардың басын қосып, туған жердің алдындағы перзенттік парызымызды орындауымыз керек. Қазір елдегі белсенді жастар бірігіп тал егіп, айналаны жасыл-желекке айналдыруға атсалысуда. Мұның барлығы үлгі аларлық шаралар екені даусыз. Алдағы уақытта да білім мен еңбекті ұштастырып, туған жеріміздің дамуына үлес қоса берейік", - деген ойын жеткізді.

Сұхбат барысында студенттер өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, жастарға арналған мүмкіндіктер, қоғамдық бастамалар мен жеке тұлғалық дамудың маңызы жөнінде пікір алмасты. Ашық әңгіме жастардың ой-пікірін еркін жеткізуіне, өзара тәжірибе бөлісуіне және алдағы мақсаттарын айқындауына мүмкіндік берді.

image-24-09-26-10-15 (1)

Кездесуде әрбір жастың бойындағы қабілетті шыңдау, білім мен еңбекті ұштастыру, ізденіс пен белсенділіктің болашақ жетістіктерге бастайтыны атап өтілді.

Мұндай кездесулер жастар мен жауапты мамандар арасындағы байланысты нығайтып, студенттердің қоғамдық өмірге белсенді араласуына, өз болашағына сеніммен қарауына ықпал етеді. Себебі білім – жаңа мүмкіндіктердің бастауы, ал жарқын болашаққа бастар жол талап пен талпыныстан құралады.

Сара Әділ

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале