29.09.2026, 16:15
Оқылды: 11

Оралда Азия ойындарының чемпионы Жоламан Биғабылды қарсы алды

Жапонияның Айчи – Нагоя қалаларындағы ХХ жазғы Азия ойындарында каратэден 55 келі салмақта алтын медаль жеңіп алған Жоламан Биғабыл туған жері  Оралға оралды.

IMG_9197

Мәншүк Мәметова атындағы халықаралық әуежайда Азия ойындарының жеңімпазын  Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Дәурен Мұқанов, спорт саласының мамандары, жанкүйерлер мен жерлестері қошеметпен қарсы алды.

Жоламан Биғабылдың Азиада төріндегі жеңісі – ел спорты үшін елеулі жетістік. Ол каратэ шебері екенін танытып, Қазақстан қоржынына алтын медаль салды. Шемпионның бұл табысы Батыс Қазақстандағы каратэ мектебінің мерейін үстем етті. Шемпионды қарсы алған Жандос Дүйсенғалиев спортшыны құттықтап, оның жетістігі өңір жұрты үшін зор абырой екенін атап өтті.

– Жоламан Азия ойындарында ел намысын абыроймен қорғап, көк Туымызды биікте желбіретті. Жеңіс құтты болсын! Алда бұдан да биік белестерді бағындыра береді деген үміттеміз, – деді ол. Ал спортшының өзі туған жерге оралып, жерлестерінің ыстық ықыласы жылу сыйлағанын  айтты.

– Азия ойындарына тыңғылықты дайындалып бардық. Жекпе-жекте  жауапкершілікті терең түсіндім. Алтын медальға қол жеткізу – мен үшін де, ел үшін де үлкен қуаныш. Бұл жеңіске бапкерлерімнің, ата-анамның, жанкүйерлердің еңбегі мен сенімі жетеледі. Туған жерге осындай құрметпен оралу – ерекше сезім. Маған тілекші болған барша жанға алғыс айтамын. Бұл жеңіс – жалғыз менің емес, баршамыздың ортақ жеңісіміз, – деді Азиада чемпионы.

Жоламанның бапкері Ринат Мерғалиев те шәкіртінің жетістігі ұзақ жылғы еңбектің нәтижесі екенін атап өтті.

– Жоламан бұл жетістікке тынымсыз жаттығу мен табанды еңбектің арқасында жетті. Азия ойындарындағы әр жекпе-жегі оңай болған жоқ. Шәкіртімнің жеңісіне қуаныштымыз. Бізге қолдау көрсеткен ата-аналарға, жанкүйерлерге және спорт жанашырларына ризашылығымызды білдіреміз, – деді бапкер.

Жоламан Биғабылдың жеңісі – жас спортшыларға үлгі боларлық айтулы жетістік. Азия ойындарының чемпионы туған жеріне алтын жүлдемен оралып, Батыс Қазақстан спортының ше-
жіресіне жаңа жарқын бет қосты.

Түгелбай  Бисен,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале