5.11.2026, 18:00
Оқылды: 2

Каспийдегі қайғылы оқиғаға қатысты 300-ден астам адамнан жауап алынды

Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табуына қатысты тергеу аяқталуға жақын. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, осы уақытқа дейін 300-ден астам адамнан жауап алынып, 30-дан астам сараптама жүргізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
f136ef
Сурет: Egemen.kz

Бұған дейін тергеу барысында сегіз лауазымды тұлға қамауға алынған. Олардың қатарында Қарулы күштердің Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, оның екі орынбасары, екі әскери бөлімнің командирлері, теңіз жаяу әскері батальоны мен ротасының командирлері және катер капитаны бар.

«Қазірге дейін 300-ден астам адамнан жауап алынып, 30-дан астам сот сараптамасы мен зерттеу жүргізілді. Тергеу барысында қызметке салғырт қарады және кеме жүргізу қағидаларын бұзды деген күдікпен 8 лауазымды тұлға сот санкциясымен қамауға алынды. Олар – Қарулы Күштердің Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, оның бірінші орынбасары мен жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары, екі әскери бөлімнің командирлері, теңіз жаяу әскері батальоны мен ротасының командирлері, сондай-ақ катер капитаны. Жақын арада тергеу әрекеттерін аяқтап, қылмыстық процеске қатысушыларды іс материалдарымен таныстыру жоспарланып отыр. Тергеу барысы Бас прокуратураның ерекше бақылауында», делінген прокуратура хабарламасында.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале