Қазақстанда вакциналарды сақтау және тасымалдауды бақылаудың бірыңғай цифрлық жүйесі енгізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Фото: DenMinPR
Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.
Жаңа жүйе препараттарды қоймадан медициналық ұйымдарға дейін жеткізу кезеңінде қажетті температуралық режимнің сақталуын нақты уақыт режимінде қадағалауға мүмкіндік береді. Көрсеткіштер ауытқыған жағдайда жүйе дереу хабар беріп, қажетті шараларды жедел қабылдауға жағдай жасайды.
Бұл мақсатта нысандар арнайы температура датчиктерімен, ал автокөліктер GPS-трекерлермен жабдықталуда. Жобаны іске асыру денсаулық сақтау саласын цифрландырып, медициналық өнімдердің сапасын бақылауды айтарлықтай күшейтеді.