Таяуда Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойып, кезектен тыс мәслихат сайлауын 29 қарашаға белгіледі. Бұл – еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Осыған орай «Әділет» партиясының Батыс Қазақстан облыстық сайлауалды штабының өкілдері ауданға арнайы келіп, жұртшылықпен жүздесті.

Жаңақала колледжінде өткен жүздесуге «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық сайлауалды штабының төрағасының орынбасары Азамат Сафималиев, Батыс Қазақстан облыстық штаб мүшелері Ербол Салықов, Яна Лұқпанова, Әліби Баяхов қатысты. Кездесу барысында Жаңақала аудандық “Әділет” партиясы филиалының төрағасы Гүлбану Дағарова облыстық сайлауалды штаб өкілдеріне сөз беріп, алдағы мәслихат сайлауына байланысты үгіт-насихат жұмыстарының жалғасатынын жеткізді. Сондай-ақ партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, оның негізгі бағыттары мен алдағы жоспарлары жөнінде кеңінен ақпарат берілді. Жиын барысында аудан тұрғындары да өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Штаб мүшесі Айымбек Сарымсақов өз кезегінде ол ауыл-аймақтарды аралап, үгіт-насихат жүргізу барысында штаб қызметкерлерінің аздығын айтса, Дина Нұрпейісова атындағы өнер тарихы музейінің меңгерушісі Сыйлыхан Жұмасалық кандидаттардан сайлауалды бағдарламаларындағы ауданымызға қатысты жасалатын жұмыстары жөнінде сауалдар қойды. Үміткерлер қойылған сұрақтарға жауап беріп, қатысушылармен пікір алмасты.

- Ең басты міндетіміз сайлау үдерісіне қатысты жұмыстарды жүйелі ұйымдастырып, тұрғындарға қажетті ақпараттарды уақыты әрі дұрыс жеткізу. Сайлау – мемлекетіміздің саяси өміріндегі маңызды науқан. Партияның сайлауалды бағдарламасы жан-жақты қамтылған. Әділет партиясының сайлауалды бағдарламасы мен даму жоспарларында елдің инфрақұрылымының, экономикасын және әлеуметтік саласын жақсартуға бағытталған жоспарларын жүзеге асырамыз. Сондай-ақ әр тұрғын өз таңдауын жасап, қалаған кандидатына ерікті түрде дауыс беруге құқылы, - дейді Азамат Сафималиев.

Осылайша, жиын ашық диалог форматында өтіп, алдағы сайлауға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Кездесу соңында облыстық сайлауалды штаб мүшелері тұрғындарды 29 қараша күні өтетін мәслихат депутаттарының сайлауына белсенді қатысуға шақырды.

Дайындады: «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі
Тапсырыс беруші: Бектұрған Б.О.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленд