17.11.2026, 9:30
Оқылды: 7

Қазақстанда балаларға кешкі мектептерде оқуға тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанда кәмелетке толмаған балаларға кешкі мектептерде білім алуға тыйым салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Құрылтайда өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

8 мектеп (6)

Сурет: Сайт архивінен

Министрдің айтуынша, елімізде 334-ке жуық кешкі мектеп жұмыс істейді. Онда барлығы 2 904 адам білім алады, оның 855-і – кәмелетке толмағандар.

Жұлдыз Сүлейменова кешкі мектептерде оқитын балалардың іс жүзінде білім алмайтынын атап өтті. Сондықтан министрлік кәмелетке толмағандардың мұндай оқу орындарында білім алуына шектеу қоюды көздеп отыр.

«Кешкі мектептер жұмыс істеп, ересектер білім ала берсін. Бірақ мектеп жасындағы балалар онда оқымауы керек. Олар жалпы орта білім беретін ұйымдарда білім алуға тиіс. Көптеген өңірде кешкі мектептер жабылып жатыр, бірақ оған деген қажеттілік әлі бар. Қазір барлық оқушының жалпы саны – 2 904 адам. Балалардың тізімде бар екенін көріп отырмыз, алайда олар іс жүзінде оқымайды», деді министр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале