2.06.2017, 10:41
Оқылды: 46

Оралда ашық тергеу кабинеті ашылды

проку02  Енді қылмыстық процеске қатысушылардан жауап алу барысын жақындары сырттай бақылай алады. Бұл жайлы бізге Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.


  Орал қалалық Ішкі істер басқармасының ғимаратында кезекші прокурордың кабинеті ашылды. Сонымен қатар, ғимараттың бірінші қабатында 3 ашық тергеу кабинеті ашылып, қылмыстық процеске қатысушылардан жауап алу барысын жақындары қарау үшін холдағы үлкен экранға шығарылды. Барлық тергеу әрекеттері кезекші прокурордың кабинетінде орнатылған және онлайн режимде жұмыс жасайтын, пернетақтаны басу арқылы теледидар экранына шығарылады.

  Сөйтіп, кезекші прокурорға тергеу жүріп жатқан кабинеттерге кірудің қажеттілігі жойылды, себебі барлық әрекеттерді монитор арқылы қарай отырып, заң бұзушылықты анықтаған ретте дереу ықпал етіледі.

   Оның мақсаты – қылмыстық процесті оңтайландыру әрі жеделдету, заманауи технологияларды енгізу арқылы азаматтардың қорғалуын арттыру, азаматтарды заңды сақтауға шақыру, олардың өз әрекеттері үшін жауапкершілігін тудыру, жағымсыз және құқыққа қайшы әрекеттердің салдарын, құқықтық мемлекет қалыптастыру тікелей оларға байланысты екендігін түсіндіру дейді құқық қорғаушылар.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале