Бөкей Ордасы ауданында ҚР Парламенті Сенат депутаттығына кандидат Нариман Төреғалиев аудан жұртшылығымен және аудандық мәслихат депутаттарымен жүздесті.
Үміткердің аудандағы сенімді уәкілі Серік Таңатов Нариман Төреғалиұлының өмірбаянымен, сайлауалды бағдарламасымен таныстырса, кандидат ауыл тынысымен жіті таныс екендігін айтты.
Нариман Төреғалиұлының айтуынша, алға қойған мақсаттарының бірі – шекаралық аймақ тұрғындарының жалақысына қосымша қаражаттың қаралуына әрі жол мәселесінің шешімін табуына ықпал ету.
Кездесу барысында сөйлеген «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілеген Арыстанбеков, ауданның құрметті азаматшасы Гүлжан Бисекенова үміткердің бағдарламасы ауылды өркендетуге бағытталғанын айтты.
Раушан БАҚЫТОВА
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz