"КазИИТУ" ғылыми-білім кешенінің Студенттер сарайында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық кеші өтті.
"Көмек қолын созу" еріктілер командасының басшысы Рада Хайрушеваның ұйымдастыруымен өткен шара қамкөңіл балалар мен олардың ата-аналарының ризашылығына ие болды.
Бүлдіршіндерге арналған әуелеген әні мен биші жасөспірімдердің биі бөбектердің жүзіне күлкі үйірді.
Кешке жиылған ата-аналар оқу орын басшылығына және шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Гүлсезім Бияшева