Жадыраған жазда оралдық балғындар көбінесе қалалық мәдениет және демалыс саябағында суға түскенді ұнатады. Осыған байланысты саябақтағы Шаған өзенінің жағасында құтқару бекеті күндіз-түні жұмыс істейді.
БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы А.Н.Қожанбаеваның айтуынша, 17 маусымда құтқару бекетіндегі бас құтқарушы Алексеев Алексей мен Кунуспаев Есбулат еспе спортымен айналысып жүрген кезде байдаркасы аударылып қалған баланы байқап қалды. Құтқарушылар жүзу құралына көтеріле алмай жатырған баланы байқап, тез арада қасына барып, оны құтқару қайығына көтерді.
Баланың қорқып қалғанын байқаған құтқарушылар онымен әңгімелесіп, тыныштандырған соң жағаға жеткізді, сонымен қатар жүзу құралындағы қауіпсіздік ережелері жайында түсінік берді.
zhaikpress.kz