Жаңақала ауданында «Қали, Мәмен – күмбір күй» облыстық домбырашылар байқауы өтті. Байқау шарты бойынша он үш өнерпаз күйші Мәмен Ерғалиұлы және Қазақстанның Халық әртісі Қали Жантілеуовтің туындыларын орындады.
Олардың қатарында Бөкей ордасы аудандық мәдениет орталығының домбырашысы Ерлан Сертеков өнер көрсетті. Бөкейлік жігіт дарабоз күйшілердің шығармаларын дәріптеп байқауда бас жүлдені жеңіп алды. Ұлы дала дүбірін домбырамен күмбірлетіп жүрген Ерландай оғландарымыздың жұлдызы жана берсін.
Раушан ЖАНАТҚЫЗЫ