24.10.2018, 20:33
Оқылды: 43

Колледжге арналып спорт алаңы салынбақ

Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлан Рақымжанов аудандық колледж студенттерімен кездесіп, Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауындағы Үкіметке қойылған міндеттер мен аудан бойынша қолға алынатын іс-шаралар барысымен таныстырды.

IMG_6830(1) Сондай-ақ колледж түлектеріне қатысты мәселелерді тарқатты. Яғни, кәсіби бағдар беру мен жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі, өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесінің кемшін екені, аудан бойынша әскер қатарына баруға ниеттілердің жоққа жақындығы, облыс бойынша спорттық жарыстардан жастар командасының жүлдесіз оралатыны сөз болды. Кездесу барысында аудан әкімі жастар тәрбиесі, тұрмыстық сапа, үш тілді меңгерудің қажеттілігі, күні кеше орын алған Керч қайғысы мен қауіпсіздік мәселелерін де тілге тиек етті.
Аудан әкімі Нұрлан Рақымжанов колледждің спорт залы жоқ екенін, соған байланысты алдағы жылы білім ордасы жанына спорт алаңын салу мен колледжге апаратын жолды асфальттау жоспарланып жатқанын мәлімдеді. Бұл жаңалықты жастар қуана қабылдады.

Ұлпан ӘНУАРҚЫЗЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале