8.11.2018, 20:36
Оқылды: 34

Переметное ауылындағы су шайып кеткен бөгет қалпына келтіріледі

BogetКөктем мезгілінде, 8 сәуір күні, Зеленов ауданының Переметное ауылындағы су шайып кеткен өткел жаңа жобалық-техникалық шешім қабылданғаннан кейін қалпына келтірілетін болады.
Бұл туралы облыстық құрылыс басқармасының басшысы Алтынбек Қайсағалиев журналистермен өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.


- Бөгет жобасын 2014 жылы Зеленов ауданының сәулет және құрылыс бөлімі жасаған. 3,5 млн.теңгеге жобаланған бөгет 2017 жылы салынды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 70 млн.теңге. Бөгетті су шайып кеткеннен кейін жүргізілген техникалық сараптама нәтижесінде бөгетті жобалау кезінде қателік кеткен деген шешім шығарылды. Бүгінде құрылыс басқармасы құрылыс компаниясының, авторлық және техникалық бақылаушы, жобалаушы компаниялар үстінен сотқа шағым түсірді. Сот шешімі екі ай ішінде шығатын болады. 35 млн.теңге бюджетке қайтарылады. Жаңа жобалық-техникалық шешім қабылданған соң, су бөгеті қалпына келтіріледі. Кінәлі тұлғаларды сот анықтайды, - деді Алтынбек Кеңесұлы.

Ясипа Рабаева

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале