Оралда «Жайық таза қала сервис» мекемесіне тиісті қоқыс таситын көлік жылу магистралін құлатып, 24 пәтер жылусыз қалған болатын.
Жүргізушінің абайсыздығынан орын алған жол-көлік оқиғасы салдарынан 200 метрдей жылу құбыры тұғырынан құлап, ыссы су жарты сағаттай көшеге аққан. 24 отбасы тұрып жатқан екі қабатты 4 үй жылусыз қалды.
«Кешкі сағат 18:30-да үйлерді жылумен қамту толық қалпына келтірілді» дейді БҚО энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім меңгерушісі міндетін атқарушы Берікқали Айтқалиев.
zhaikpress.kz