4.01.2019, 18:05
Оқылды: 63

Талдыапанда мұз айдыны ашылды

Қазталов ауданы Талдыапан ауылында бүгін жасанды мұз айдыны пайдалануға берілді.

Muz (2)

Жасанды мұз айдынының құрылысы өткен жылдың қараша айында басталған болатын. Қожалық жетекшісі Дархан Аябалиевтың демеушілігімен салынған мұз айдынының аумағы 600 шаршы метр. Бағаналары мен кермелері темірден, ал қабырғалары қаңылтырдан тұрғызылған. Түнде де ыңғайлы болу үшін төрт бұрышынан заманауи электр шамдары, көңілді әуен ойнайтын құрылғы орнатылған.

Қысқы нысанның ашылуында сөз алған ауыл әкімі:

-Бұқаралық спортты дамыту мақсатында бүгін ауылымызда мұз айдыны ашылды. Мұз айдынының салынуына бастамашыл болған мектеп директоры Руслан Сағындықұлы мен Орал қаласының тұрғыны, жерлесіміз Самат Жасболатұлы екендігін айта кеткен жөн. Айдынның құрылысына Аябалиевтер отбасы 1 млн. 200 мың теңге бөлді. Бұл отбасы бұған дейінде «Тәуелсіздік монументі» мен алтыбақан алаңын жасаған болатын,-деді Асқар Есқалиұлы.

Muz (3) Muz (5) Muz (6) Muz (11)

Тұрарбек Қайырғалиұлы,

Қазталов ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале