Оралда еркін күрестен және әйелдер күресінен 2002-2004 жылдары туған жасөспірімдер мен жастар арасындағы БҚО чемпионаты өтуде.
Жарыстың алғашқы күні Ақжайық ауданының балуандарынан 45 келі салмақ дәрежесінде Еламан Қанатов, 55 келіде Нұртас Өтемисов, 71 келіде Назар Құбашев, 55 келіде Ибат Әли ІІІ орын, 65 келіде Демесин Нұрқанат II орын, 80 келіде Қайрат Қожахметов, 65 келіде Садық Сұлтан IIIорын, 48 келіде Тілеген Сақыпкереев, 71 келіде Заманбек Мұхамбетжанов, 92 келіде Бекзат Бақытжанов, 110 келіде Қайсар Нұрболатұлы I орын, 49 келіде Зейнеп Баянова I орын иеленді.
–Жарыстың бірінші күнінің қорытындысы бойынша ауданның спортшылары 6 алтын, 2 күміс, 5 қола медальға қол жеткізді, -дейді аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскер нұсқаушысы Қаратай Бекесов.
Бекем Бекұлы,
Ақжайық ауданы
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер