1.02.2019, 17:47
Оқылды: 39

Сырымда дзюдодан дәстүрлі турнир өтті

 Сырым ауданында ҚазССР-ның білім беру ісінің үздігі, спорт ардагері, ұстаз Валерий Бақтығалиев еске алуға арналған 2004-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында аудандық ашық турнир өтті.

syrym sport (6)

         Валерий Бақтығалиев 1987-2009 жылдары аралығында Сырым ауданындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры болып қызмет етті. Ол басшылық еткен жылдары аудандық спорт мектебі мен бөлімдерінің материалдық-техникалық базасы жаңартылып, сәйкесінше оқытушы-жаттықтырушы құрамның жұмысы да биік білім сапасын көрсеткен еді.

         -Валерий Шапетұлының аудан спортының өркендеуіне, жаңа есімдердің танылуына қосқан үлесі зор. Аудандық спорт мектебінде дайындалған көптеген спортшылар самбо, дзюдо, еркін күрес бойынша халықаралық дәрежедегі төреші, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем және Азия чемпионы атанды. Ұстаздың ұлағатты жолын дәріптеу әрі лайықты жалғастыру – міндетіміз, - дейді Сырым аудандық балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің бүгінгі басшысы, турнирдің ұйымдастырушысы Бауыржан Ихсанов.

         Ашық турнирге Сырым ауданынан бөлек Ақжайық, Қаратөбе, Бөрлі аудандарының жас палуандары қатысты. Командалық есепте аудандық спорт мектебінің жаттықтырушысы Ержан Шүкіровтің шәкірттері бірінші орын алды. Кейінгі орындарды бапкерлер Мейрамбек Ермұханов пен Мәулет Қожахметов баулыған палуандар иемденді.

         Валерий Бақтығалиевті еске алуға арналған дәстүрлі турнир осымен жетінші мәрте ұйымдастырылып отыр.

syrym sport (2) syrym sport (4) syrym sport (7) syrym sport (9) syrym sport (10)

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале