Орал қаласында балалар мерекесінде көрші-көлем болып көңілді думан ұйымдастыру кең таралып келеді.
Мәселен, 9-шағынаудандағы 11-үй ата-аналары бірігіп балаларға тосынсый жасады. Түрлі ойындар, жарыстар өткізілді. Ұйымдастырушы ата-аналар осындай шара арқылы ауланың барлық баласын бір-бірімен таныстыру, достықтарын нығайтуды мақсат еттік дейді.
Мұндай шаралар көптеген аулаларда өткізіліп, көшелерді әуенге бөлеп, қалаға ерекше көңіл күй сыйлады.
Өз тілшіміз