23.07.2019, 11:52
Оқылды: 23

БҚО-да акция аясында дәрігерлер шалғай ауылдарға жол тартты

«Денсаулық жолы» Ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру үшін жылжымалы медициналық бригада Орал қаласынан жолға шықты.

densaulyk (2)

Құрамында жалпы тәжірибе дәрігерлері, кардиологиялық, эндокринологиялық, онкологиялық қызметтер мен салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің мамандары бар бригада 22-26 шілде аралығында Жаңақала және Бөкейордасы аудандарында науқастарды қабылдайды.

densaulyk (1)

Мамандар ауыл тұрғындарымен әңгімелесіп, денсаулықты күту жөнінде кеңестер береді, интерактивті тренингтер өткізеді. Сонымен қатар балалардың арасында сурет байқаулары ұйымдастырылады, концерт қояды, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша ақпараттық-танымдық материалдар үлестіріледі. ­СӨС мамандары ауылдық жерлерде дөңгелек үстелдер өткізеді. Кең ауқымды акция Сайқын ауылында «Дұрыс тамақтану - салауатты болашақ кепілі» шарасымен түйінделеді деп жоспарлануда.

densaulyk (3)

Сондай-ақ іс-шара шеңберінде, алдын ала бекітілген кестеге сәйкес, тұрғындар үшін жылжымалы флюорографиялық және маммографиялық қондырғылар қызмет көрсетеді.

densaulyk (4)

Айта кетейік, «Денсаулық жолы» ұлттық бағдарламасының негізгі мақсаты тұрғындарға денсаулығын тұз, қант, майлардың (майлар, трансмайлар) жоғары мөлшері бар тағамдарды шектеу немесе қолданбау, денсаулыққа пайдасы туралы түсінік беру, дененің артық салмағы, семіздік қаупін төмендету мен жұқпалы емес аурулардың алдын алу үшін салауатты өмір салты негіздеріне үйрету арқылы сақтау мен нығайту болып табылады.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале